«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Президенттің мақаласын түсіндіру жөніндегі әңгімелесу


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Президенттің мақаласын түсіндіру жөніндегі әңгімелесу

13.10.2017ж. АТТ мүшелері Г.Б.Кульмухамбетова, А.Т.Азтаева 102 ем, 101 фарм, 102 мі топтарында Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бойынша әңгімелер өткізді. Әңгімелесу барысында ҚР Тұңғыш президенті Н.А.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары талқыланды.

Сөз сөйлегендер өздерінің сөздерінде Елбасы мақаласында біртұтас Ұлтты қалыптастыру жөніндегі көзқарасын, қоғамдық сананың өзгеруінің және жауапкершілігі туралы айтқанын атап кетті. Ол қоғамдық сананы жаңарту бойынша кең көлемдегі міндеттер қойып, дамудың жаңа деңгейіне әкелетін халыққа жаңа белестер көрсетті.

Рухани жаңғыру жолы арқылы әлеуметтік жаңару бойынша жаңа кең көлемдегі міндеттер қойылған. Елбасының мақаласының мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның принциптеріне негізделген.

Сондықтан, студенттер мақаланың маңызыдылығын терең түсініп, айтылған ойларды жүзеге асыруда белсенді қатысулары қажет.

Сонымен қатар әңгіме барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне кезеңдеп көшу сұрақтары қарастырылды. «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуді Қазақстанның Призенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтып өтті». Бұл сөзсіз уақыттың өзгергенін, тіліміздің жаңа халықаралық деңгейге шығуын көрсетеді - деп өз ойын жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушысы Кульмухамбетова Г.Б. білдірді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ