«Как живешь выпускник?» акциясы


«Как живешь выпускник?» акциясы

2017 жылдың 25 қазанында «Как живешь выпускник?» акциясының аясында №3 бөлім меңгерушісі Стокоз Оксана Сергеевна аудандық ауруханаларға барып қайтты. Түлектердің кәсіби қалыптасуы мен материалдық және тұрғын-үй жағдайларын білу үшін жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар түлектер туралы жұмыс берушілерден пікірлер, тілектері мен ойлары жиналды.

Қазіргі таңда «Федоров АОА» КМК-да «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» мамандықтарының 3 түлегі жұмыс істейді : Кригер Яна, Подалюк Галина, Еворская Любовь. Бас мейірбике Кутлина Т.Г., жас мамандарды дайындағаны үшін Қостанай медициналық колледжінің ұжымына алғысын айтты. Қыздардың бірінші жұмыс күнінен бастап өздерін тәртіпті, жауапты және сауатты маман ретінде көрсеткендерін, этика мен деонтологиядан жақсы дайындықтарын айтып кетті. Топпен бірге жақсы жұмыс істейді, алдына қойған міндеттерді тез орындайды.

«Қарабалық АОА» КМК-да «Мейіргер ісі» мен «Емдеу ісі» мамандықтарының 2 түлегі жұмыс істейді: Тайлакбаева Айша және Абилова Нурсулу. Бас мейірбике Жунусова Г.М., түлектердің жақсы дайындық деңгейін, кәсібиліктерін, құзыреттіліктерін, білім деңгейін арттыруға ынталарын атап кетті.

Түлектердің толтырған сауалнамаларына сәйкес, барлық түлектер мамандықтары бойынша жұмыс істеуде, жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқашан тәлімгерлері мен үлкен әріптестерінен кәсіби көмек пен қолдау алады.

Фотода: түлектер Кригер Яна, Подалюк Галина, Еворская Любовь бас мейірбике Т.Г. Кутлинамен
«Федоров АОА» КМК

Фотода: түлектер Тайлакбаева Айша , Абилова Нурсулу бас мейірбике Г.М.Жунусовамен
«Қарабалық АОА» КМК










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ