«Фармация» мамандығының презентациясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Фармация» мамандығының презентациясы
«Фармация» мамандығының презентациясы
23 қазанда 1, 2, 3 курс студенттері қатысқан №3 бөлімнің «Фармация» мамандығының презентациясы өткізілді.
№3 бөлім меңгерушісі бірінші курс студенттеріне сәттілік тілеп, таңдаған мамандықтарының маңызды екендігін айтып кетті.
«Фармация» мамандығының презентациясында бітіруші курс студенттері ұйымдастырушы болды. Түлектер бірінші курс студенттерін мамандықтың тарихымен таныстырып, қысқаша мағлұмат ретінде болашақ фармацевттің негізгі сапаларын айтып кетті. Екінші курс студенттері көркемдік нөмірлер көрсетті. Барлық нөмірлер презентациялармен және видеороликтермен сүйемелденді. Бірінші курс студенттері өз кезектерінде өздерінің шығрмашылық таланттарын көрсетті. Презентацияның соңында «Фармация» мамандығының бірінші курс студенттеріне мамандықтарына қатысты сыйлықтар ұсынылды.
СКАЧАТЬ Презентация специальности - "Фармация" 23_10_2017 (68 фото)