«Ауыр халдегі науқастарға күтім көрсетудің заманауи әдістері» Мастер-класс


«Ауыр халдегі науқастарға күтім көрсетудің заманауи әдістері» Мастер-класс

2017 жылдың 02 қарашасында БОМ аясында арнайы пәндер оқытушысы Бузина С.П. «Ауыр халдегі науқастарға күтім көрсетудің заманауи әдістері» мастер-класын өткізді.

Мастер-класс барысында жаңадан бастап келе жатқан оқытушылар заманауи жабдықтар мен гигиена құралдарын қолдану арқылы ауыр халдегі науқастарға күтім көрсетудің инновациялық әдістерімен танысты.

Ауыр халдегі науқастарға күтім көрсетудің элементтері көрсетілді, соның ішінде: құлақ, мұрын және көздерді өңдеу; басты жуу; теріге гигиеналық күтім көрсету; ойылудың алдын алу бойынша іс-шаралар. Бузина С.П. жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, сын тұрғысынан ойлау әдісімен таныстырды, аталған тақырып бойынша практикалық сабақтарды өткізуге ұсыныстар айтты.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ