«Мастер – кластар»


«Мастер – кластар»

13-22 қараша аралығында арнайы пәндердің №4 ЦӘК онкүндігінің іс-шаралары өткізілуде.

Онкүндіктің алғышқы күнінде (13.11.2017) «Фармация» және «Лабораториялық диагностика» мамандықтарының бірінші курс студенттері үшін цикл оқытушылары және 3 курс студенттері келесі бағыттар бойынша «Мастер-кластар» өткізді:
- «Инъекциялық ерітінділердің эксперсс-анализі»;
- «Жиналған дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану»;
- «Қан тобын анықтау»;
- «Қандағы глюкозаны анықтау»;
- «Бактериялық инфекцияларды диагностикалау әдістері. Бояу әдістері. Микроскопия»

Бірінші курс студенттері іс-шараға белсенді қатысты: ұсынылған ақпараттарға қызығушылық танытты, зерттеудің заманауи әдістерімен танысты, жоғары курс студенттерінің басшылығымен дәрілік препараттарға анализ жасады, дәрілік заттарды дайындау бойынша ұсыныстарға ие болды.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ