"Будем дружить группами" толеранттылық сағаты


"Будем дружить группами" толеранттылық сағаты

11 желтоқсанда 101 «Стоматология» және 101 «Емдеу ісі» топтарының арасында «Будем дружить группами» толеранттылық сағаты өткізілді. Қостанай медициналық колледжінің залына бірден 55 студент сыйып, танысу ойындарына белсенді қатысты: тұрғылықты жерлеріне, көз түстеріне, туған айларына байланысты студенттер бөлінді.

«Альпийский дождь» жаттығуына қатысу, өмірде бір-бірін тыңдаудың маңызды екендігін түсіндірді.

Жалпы «Поводырь» ойыны студенттерге көзі көрмейтін адамдардың рөлінде сезінуге мүмкіндік беріп, бір-біріне сенуге үйретті.

«Пойми меня» және «Ассоциации» ойындары студенттерді бірін-бірі жақсы түсінісуге ықпал етті.

Аталған іс-шара 101«Стоматология» тобының студенттері ұсынған «Толераттылық сағаты» жобасының аясында өткен алғашқы іс -шара болды.

Жастармен жұмыс жөніндегі педагог-ұйымдастырушы Сулейменова Б.К.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ