«Милосердие» үйірмесі кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімделу орталығына барды
Басты -> Жаңалықтар -> «Милосердие» үйірмесі кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімделу орталығына барды
«Милосердие» үйірмесі кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімделу орталығына барды
9 желтоқсанда Глушко Л.В. жетекшісімен бірге «Милосердие» үйірмесі 101 «Фармация» тобымен кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімделу Орталығына барып қайтты, мақсаты темекі шегудің алдын алуға бағытталған іс-шаралар аясында болды. Балалар әңгімеге белсенді қатысып отырды. Студенттер темекі шегу зиян екендігін және ол дені сау адамның денсаулығы мен психикасына кері әсерін тигізетінін айтып берді. Сондықтан көптеген елдердің үкіметі қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салып, темекінің бағасын көтеріп, қораптарға ескерту суреттерін жабыстыруда. Бірақ бұндай жол арқылы темекіден бас тартуға мүмкін емес. Әрбір адам никотинге тәуелділіктің зияны туралы саналы түрде түсінуі керек және одан бас тартуға күшті болуға тиіс.
Іс-шараның екінші бөлігі қызықты ойындармен өтті. Фармация тобының студенттері дамытатын ойындар ойнатты. Соңы бірлесіп шай ішумен аяқталды.
Жетекшінің атынан 101 «Фармация» тобының студенттеріне, соның ішінде Коротченко Н., Исаева А., Кумбасова А. балаларға арналған ойыншықтары мен тәтті сыйлықтары үшін алғыс білдіреміз.