«Мейірбикелік күтім бойынша үздік оқытушы» Қазақстанның медициналық колледждерінің мейірбике ісі оқытушылары арасындағы Республикалық кәсіби конкурс


«Мейірбикелік күтім бойынша үздік оқытушы»
Қазақстанның медициналық колледждерінің мейірбике ісі
оқытушылары арасындағы Республикалық кәсіби конкурс

Алматы қаласының Республикалық жоғары медициналық колледжнің 80-жылдық мерейтойының аясында 2017 жылдың 6 желтоқсанында «Мейірбкелік күтім бойынша үздік оқытушы» Қазақстанның медициналық колледждерінің мейірбике ісі оқытушылары арасындағы Республикалық кәсіби конкурс өтті.

Қостанай медициналық колледжінің атынан арнайы пәндердің оқытушысы Рақым Беназира Ардаққызы қатысты.

Конкурс барысында қатысушылар білім мен мейірбике ісі практикасын дамыту бойынша атқаратын жұмыстары мен болашақтағы жоспарлары туралы эссе жазды, Қазақстандағы мейірбикелік қызметтің реформаларына білімдері бойынша компьютерлік тест тапсырып, симуляциялық орталықта мастер-класс өткізді.

Беназира Ардаққызы өзін талантты және шығармашыл, Қостанай медициналық колледжінің беделі мен абыройын қорғайтын арнайы пәндердің оқытушысы ретінде көрсетті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ