Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша облыстың педагогикалық қоғамымен кездесу


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын
түсіндіру бойынша облыстың педагогикалық қоғамымен кездесу

2018 жылдың 12 қаңтарында Қостанай педагогикалық колледж базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолауын түсіндіру бойынша облыстың педагогикалық қоғамымен кездесу өтті. Аталған кездесуге колледждің әкімшілігі мен оқытушылары қатысты.

Кездесу барысында сөз алғандар Елбасымыздың әрбір Жолдауы - бұл Қазақстанның стратегиялық міндеттерін жоспарлы түрле жүзеге асыру екендігін атап кетті.

Президент қойған 10 міндетті қарастыра отырып, сөз алғандар 7 міндетке көңіл аударды, онда білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп көрсетілген. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.

Президенттің Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыруға бағытталған.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ