Колледж қызметкерлеріне арналған жиналыс
Басты -> Жаңалықтар -> Колледж қызметкерлеріне арналған жиналыс
Колледж қызметкерлеріне арналған жиналыс
2018 жылдың 30 қаңтарында Қостанай медициналық колледжінің мәжіліс залында колледж қызметкерлері үшін 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Президенттің «Төртінші өндірістік революция шарттарындағы жаңа мүмкіндіктер» халыққа Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушылары Г.Б.Кульмухамбетова және А.М.Алимгазинова Жолдаудың негізгі 10 міндеттерін түсіндіріп, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы проблемалар мен перспективаларға көңіл бөлді. Колледж қызметкерлері жаңа жолдауға қатысты елдің дамуы бойынша керекті ақпараттарды алды. Жиналыс жақсы көңіл күйде өтіп, баяндамашылар барлық сұрақтарға жауап берді.