Оқыту мемлекеттік тілде енгізілуінің 20-жылдығына арналған «Мейіргер ісі» мамандығының бітіруші курс студенттері арасындағы Халықаралық конкурсы


Оқыту мемлекеттік тілде енгізілуінің 20-жылдығына арналған «Мейіргер ісі» мамандығының бітіруші курс студенттері арасындағы Халықаралық конкурсы

2018 жылдың 16 ақпанында Қостанай медициналық колледжінде Оқыту мемлекеттік тілде енгізілуінің 20-жылдығына арналған «Мейіргер ісі» мамандығының бітіруші курс студенттері арасындағы Халықаралық конкурсының іштей кезеңі өтті. Конкурсқа Қостанай облысы әкімдігінің білім беру Басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары. Бокаева Марал Мендыбаевна, «Қостанай облыстық аурухана» КМК емдік жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Мещанов С.Т., мемлекеттік тілдегі «Мейірбике ісі» амандығының алғашқы түлегі Хамзина А.Б., Федоров ауданының Қоржынкөл ФАБ-нің бөлім меңгерушісі, Утешова А.А. – Қостанай қалалық ауруханасының мейірбикесі, Кошкина Г.К. – Қостанай орталық аудандық аурухананың мейірбикесі, Дерипсалдина А.С. –Қостанай қ . №1 емханасының мейірбикесі, Байканова Ж.К. – Қостанай қ. №3 емханасының мейірбикесі.

Конкурстың сырттай кезеңі - «Студент жетістіктерінің портфолиосы» конкурсында «Қорған базалық медициналық колледжі» МБКБМ РФ Қорған қ. студенті Киселева Олеся жеңіске жетті. Конкурстың іштей кезеңіне 11 қатысушы қатысты, соның 4 еуі Ресей Федерациясының медициналық колледждерінен, 7- Қазақстан Республикасы.

 

Қатысушылардың жұмыстарын келесі құрамда болған тәуелсіз халықаралық әділ қазылар бағалады:
1. Смакова Сауле Социаловна, төрайымы, Астана қ., Қазақстан Республикасы
2. Пономарева Наталья Александровна, төрайымның орынбасары Омбы қ., Ресей Федерациясы
3. Зубова Зинаида Ивановна, Омбы қ., Ресей Федерациясы
4. Ембергенова Айгуль Муайтбековна, Астана қ., Қазақстан Республикасы
5. Шаповалова Илона Валерьевна, «Қостанай қалалық аурухана» КМК
6. Тихонова Инна Николаевна, «Стомед групп»
7. Макамбетова Айгуль Салдатпаевна, Қостанай қалалық аурухана» КМК
8. Сапарова Айгуль Укаевна, Қостанай қалалық аурухана» КМК

Конкурстың ережесіне сәйкес қатысушылар келесі кезеңдерден өтті:
1 Тур – Визитка «По призванию и по душе», 3-5 минут ішінде өзінің мамандығы жайлы баяндап беру.
2 Тур – Практикалық:
1 кезең: парентеральды енгізу бойынша практикалық тапсырмаларды орындау. Қатысушылар бір уақытта фантомдарда тапсырмаларды орындады. Аталған кезеңде алгоритмге сәйкес манипуляцияны орындау сапасы, орындау жылдамдығы бағаланды.
Екінші кезеңде қатысушылар шұғыл жағдайлардың мейіргерлік диагностикасы, терапиядағы, хирургиядағы, балалар ауруларындағы, акушерлікте және гинекологиядағы мейіргерлік ісі бойынша кәсіби есептердерді орындады. 

Конкурстың шарты бойынша студенттер терапиядағы, хирургиядағы, балалар ауруларындағы, акушерлікте және гинекологиядағы шұғыл жағдайларда мейірбикелік диагнозды анықтау болды; аталған тапсырма бойынша қажетті практикалық дағдыларды орындады.

Конкурс барысында есептеу комиссиясы жұмыс жасады, оқытушылар Романова О.Л., Халбаева Г.Р., Алимгазинова А.М.

 Барлық қатысушылар және жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.


 СКАЧАТЬ 476 фото









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ