Снежный драйв
Басты -> Жаңалықтар -> Снежный драйв
Снежный драйв
Наурыздың соңғы күндері қарлы және жылы болды. Осы күндері Қостанай медициналық колледжінің студенттері арасында қысқы жарыстар өтті.
2018 жылдың 26 наурызында «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Фармация», «Стоматология» және «Лабораториялық диагностика» бөлімдерінің құрама үш командаларының арасында шыдамдылыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа жарыстар өтті.
Студенттер арқан тартысуға, қапшықпен секіру, қар атысу, команда капитандарының сайысы сияқты жарыстарға қатысты.
Барлық құрама үш команда жарыстың соңында ДОСТЫҚ жеңді деген шешімге келді.
Тартысты ойыннан кейін студенттер асханаға ыстық шәй мен тәтті бәліштер жеуге аттанды. Ұйымдастырушылар мен әділ қазылардың ойлары бойынша осындай жарыстар таза ауада денсаулықты нығайтуға көп септігін тигізеді деп шешті.