«Здоровое поколение – богатство страны - 2018» студенттік және педагогикалық бастамалардың V Халықаралық Форумы РФ Қорған қ.


«Здоровое поколение – богатство страны - 2018» студенттік және педагогикалық
бастамалардың V Халықаралық Форумы РФ Қорған қ.

2018 жылдың 6 сәуірінде Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары және студенттері «Здоровое поколение – богатство страны - 2018» студенттік және педагогикалық бастамалардың V Халықаралық Форумына қатысты, ол Қорған базалық медициналық колледж базасында өтті.

Колледжіміздің студенттері және оқытушылары осы Форумға сүйсініп қатысады, өйткені бұл тек қана өзінің кәсіби, зерттеу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік бермей, осымен қатар шығармашылық дағдыларды көрсетуге мүмкіндік береді. Студенттер командасы 7 адамнан тұрды, олардың ішінен 5 – фитнес-аэробика конкурсының қатысушылары: Кубегенова А. 302 МІ, Танирбергенова Ж. 201 Фарм, Усова М. 202 МІ, Олексенко М. 101 Фарм, Галич А. 102 ЕІ; Юдакова В. 302 ЕІ «Үздік акушерка «Кәсіптегі алғашқы қадамдар» кәсіби шеберліктің конкурсына қатысты, Ермагамбетова А. 201 ЕІ «Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің науқастарында өмір салтының туберкулездың дамуына әсер етуін зерттеу» тақырыбына УИРС конкурсында зерттеу жобасын ұсынды.

Оқытушы Кудрявцева Надежда Насиповна Қорған базалық медициналық колледжінің студенттері және оқытушылары үшін Педагогикалық лаборатория шектерінде остеохондроз кезінде емдік дене шынықтыру бойынша мастер-класс жүргізді.

Әділ-қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс қорытындылары бойынша «Адреналин» командасы фитнес-аэробиканың конкурсында 3 орынға ие болды. /жет. Сулейменова Б.К./, Виктория Юдакова «Үздік акушерка «Кәсіптегі алғашқы қадамдар» кәсіби шеберліктің конкурсында үздік визиткасы үшін грамотамен марапатталды /жет. Сулейменова Б.К., Байсарина А.У., Чадова И.В., Заболотникова Н.С./ Әділ-қазылар алқасының мүшелері визитканың презентациясы кезінде байқаған креативті тәсілін атап өтті.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ