Қостанай медициналық колледжі «Подвиг Великий и Вечный» театрланған көрініске қатысты


Қостанай медициналық колледжі «Подвиг Великий и Вечный» театрланған көрініске қатысты

9 мамырда облыстық акиматтың алдындағы алаңда Қостанай қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдары Ұлы Отан Соғысының 73 жылдығын атап өтуге жиналды.

Қостанай медициналық колледжі «Подвиг Великий и Вечный» театрланған көрініске қатысты. Біз Ұлы Отан соғысындағы Кустанай фельдшерлік-акушерлік мектебінің студенттері мен оқытушыларының қосқан үлесін көрсеттік.

Соғыс жылдарында Кустанай қаласында 4 эвакуациялық госпиталь құрылғаны белгілі, олар: № 2445, 2446, 3597, 3598. Аталған госпитальдардың құрамында біздің оқытушылар мен түлектер жұмыс істеді. Фельдшерлік-акушерлік мектептің өндірістік практика жөніндегі директордың орынбасары Мокроусов Михаил Федорович 3597 госпитальдың басшысы болды, госпиталь хирургі Анастасия Ефимовна Полуместная және мейірбикелер Мария Ива¬новна Репина, Раиса Матвеевна Тимаева, Раиса Ивановна Половинкина, Фарзана Харисовна Латыпова соғыстан кейін медучилищеде оқытушылар болып қызмет жасайды.

Біздің «Емдеу ісі» мамандығының 1 және 2 курс студенттері Казиева Индира, Тепловодская Надежда, Дюсекеев Адильхан, Муштавинский Артём, Комиссаров Глеб, Мельникова Ванесса және Заикин Артём Жеңіс күніне арналған театрланған көріністе медициналық мектептің соғыс жылдарындағы оқытушылар мен түлектердің батырлығын және ерліктерін көрсете білді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ