«Перекличка поколений» іс-шарасы


«Перекличка поколений» іс-шарасы

2018 жылдың 11 мамырында Халықаралық мейірбике күніне арналған №3 ПӘК онкүндігінің аясында «Перекличка поколений» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға құрметті демалыстағы арнайы пәндердің оқытушылары - Дерюгина Г.И., Пархоменко Г.И., медициналық колледждің әлеуметтік серіктесі, қалалық аурухананың бас мейірбикесі Шаповалова И.В. және «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шарада болашақ мейірбикелердің тұлғалық сапалары, қоғамдағы мейірбике беделін арттыру жолдары туралы сұрақтар қозғалды. Шақырылған қонақтар жүргізушілердің және студенттердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның соңында Пархоменко Г.И., Дерюгина Г.И., Шаповалова И.В. өздерінің тілектерін және болашақтағы медицина мен мейірбикелердің жұмысы туралы өздерінің көзқарастарын жазып, капсулаға салынды. Бұл капсула медициналық колледждің мұражайында сақталатын болады.

Кездесудің соңында қонақтарға студенттік кәсіподақтың атынан естелік блокноттар ұсынылды

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ