ҚОСТАНАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ӘКІМШІЛІГІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БАС МЕЙІРБИКЕЛЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖИНАЛЫСЫ


ҚОСТАНАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ӘКІМШІЛІГІ МЕН
ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БАС
МЕЙІРБИКЕЛЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖИНАЛЫСЫ  

2018 жылдың 7 маусымында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК-ның Жоғары медициналық колледжіне қайта құрылу туралы ақпараттандыру мақсатында Қостанай және Рудный қалаларының медициналық ұйымдарының бас мейірбикелері шақырылды.

Қостанай медициналық колледжінің директоры Катпенова С.А. қарсы алу сөзінде 2018 жылда «Мейіргер ісі» мамандығы «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі бойынша оқыту басталатынын айтты. Мейірбикелерді дайындау барысында шынайы жағдапйда кеңейтілген практика маңызды, яғни клиникалық практика.

Клиникалық практиканы ұйымдастыру мен өткізуде үш жақ қатысады:
1. студенттерді оқытатын медициналық білім беру ұйымы;
2. клиникалық практикадан өтуге арналған база медициналық ұйым;
3. қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алатын студент.

Клиникалық практикадан өту базалары ретінде Қостанай және Рудный қалаларының медициналық ұйымдары іріктелді.

Медициналық ұйым студенттер үшін емханада жағдай қалыптастыруы қажет (гардеробтың болуы; оқу бөлмесінің болуы, ғаламтор желісі бар компьютерлердің болуы). Сонымен қатар медициналық ұйымның емхана базасында қолданбалы бакалавриат студенттерінің практикалық іскерліктері мен дағдыларын жүзеге асыруға көмектесін дайындалған тәлімгерлері/менторлары болуы тиіс. Ментор білікті мейірбике болуы тиіс, клиникалық база жағдайында теория мен практиканың бекітілуіне үлесін қосады, практиканың сапалы өтуіне жауапты болады және тиісті талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Романюк И.Е., директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасардың м.а. «Клиническая практика важная основа практического обучения по образовательной программе прикладного бакалавриата» баяндамасымен сөз сөйледі.

Клиникалық практикадағы ментордың рөлі туралы Қостанай медициналық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы Барабан А.А. толық айтып берді.

Менторларға арналған оқу бағдарламасының мазмұны жайында БЖБ әдіскері Шестакова Е.Ю. ашып айтты.

Талқылаудан кейін бас мейірбикелер мейіргер ісі бойынша менторларды оқыту бағдарламасын оқытуға үміткерлерді іріктеу жұмысын жүргізуді ұсынды.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ