«Болашағыңды бүгін таңда» акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Болашағыңды бүгін таңда» акциясы
12 қазанда Қостанай жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенттері «Болашағыңды бүгін таңда» акциясына қатысты, акцияның мақсаты саналы түрле болашақ мамандықты таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқушылардың мансаптарын жоспарлаудағы құзыреттіліктерін арттыру болды.
Іс-шараға Қостанай қ. басқа да колледждері қатысты, аталған акция мемлекеттік тілде оқытылатын Заречный ОМ базасында өтті, біздің студенттер презентация, видеоролик және қол сынығы кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша және жүрек-өкпелік реанимация көрсету алгоритмі бойынша мастер-класс көрсетті.
Акцияның барлық қатысушыларына мастер-класс ұнады, оқушылар қызықтырған ұрақтарын қойып, өздері жүрек-өкпелік реанимация жасап көруге тырысты.
Іс-шараның соңында оқушылар мен ұйымдастырушылар ҚЖМК студенттері мен басшылығына алғыстарын білдірді.