Қостанай жоғары медициналық колледжінің мұражайына таныстыру экскурсиясы



Қостанай жоғары медициналық колледжінің мұражайына таныстыру экскурсиясы

Қыркүйек айында медициналық колледжінде таныстыру экскурсиялары өтті. Экскурсия барысында бірінші курс студенттері Қостанай жоғары медициналық колледжінің тарихымен танысты. Сол жерде студенттерге оқу орынның тарихын зерттеу үшін «Поиск» тобына кіру ұсынылды.

Қазан айында еріктілер тобының алғашқы отырысы өтті. Топтың жетекшісі «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Азтаева Алма Турегалиевна студенттерді бір-бірімен таныстырып кетті. Танысу барысында студенттер мұражайлық практикамен айналыспағандарын және өздері оқитын оқу орынның тарихын зерттеу қызық екендігін айтып кетті.

Келесі 2019 жылы Қостанай жоғары медициналық колледжіне 90 жыл толады, сондықтан колледждің мерейтойына дайындық барысында еріктілердің көмектері өте қажет болады. «Поиск» тобының студенттеріне сәттілік тілейміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ