«№1 мектеп-лицей» ММ 9 сынып оқушылары үшін экскурсия



«№1 мектеп-лицей» ММ 9 сынып
оқушылары үшін экскурсия

2018 жылдың 17 қазанында Қостанай жоғары медициналық колледжі Қостанай қ. әкімдігі білім беру бөлімінің №1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырған болатын.

3 курс студенті Залевская Маргарита колледж туралы видеролик пен презентация көрсетіп, колледждегі мамандықтар, оқу үрдісі, көпшілік-мәдени және спорттық іс-шаралар туралы айтып кетті.

Келесі кезеңде студенттер мен арнайы пәндердің оқытушылары алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс көрсетті, сол жерде оқушылар өзбеттерінше медициналық көмек көрсетуге тырысып көрді.

Содан кейін оқушыларға колледж бойынша экскурсия жалғасты: оқу аудиториялары, зертханалар, практикалық сабақтарға арналған кабинеттер, симуляциялық орталық пен патологоанатомиялық мұражай көрсетілді.

Оқушыларға экскурсия қатты ұнады, қызықтырған сұрақтарын қойып, студенттермен және колледж оқытушыларымен белсенді әңгімелесті. Арасында біздің оқу орнына оқуға түсуді қалайтындарын да жасырмады.

Кездесудің соңында оқушыларға талапкерлерге арналған барлық ақпарат көрсетілген буклеттер үлестірілді.

Аталған іс-шара №2 ЦӘК онкүндігінің аясында өткізілді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ