«Денсаулық сағаты» семинар-тренинг



«Денсаулық сағаты» семинар-тренинг

2018 жылдың 19 қазанында ЖРВИ, тымау және пневмококкты инфекцияның алдын алуға бағытталған «Предупредить. Защитить. Привить!» ұлттық бағдарламасының аясында (1 қазаннан 1 қарашаға дейін) Қостанай жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында 1-2 курс студенттері үшін оқытушылар Мурзакулова Г.Ш., Сабирова Г.У. «Денсаулық сағаты» семинар-тренингін өткізді. Іс-шараның мақсаты - екпеге дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, денсаулықты нығайту және сақтау, тұрғындардың ЖРВИ, тымау және пневмококкты инфекцияның алдын алу шаралары туралы ақпараттылықтарын арттыру. Мамандар презентация, видеоролик арқылы ЖРВИ/тымаудың алдын алу туралы айтып берді, сонымен қатар қолды қалай дұрыс жуу керектігін көрсетіп, викторина жүргізді. Іс-шара қызықты және танымды өтті. Барлығына «Вакцинация –надёжная защита от гриппа», «Как защитить себя и окружающих», «Профилактика гриппа» тақырыптарында ақпараттық-білім беру материалдары ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ