Үстел теннисі және шашка бойынша Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасы
Басты -> Жаңалықтар -> Үстел теннисі және шашка бойынша Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасы
Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасы
2018 жылдың 22-24 қазаны аралығында Қостанай жоғары медициналық колледжінің құрама командасы үстел теннисі және шашка бойынша Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасына қатысқан болатын.
Үстел теннисі бойынша жарыс ҚӘТК спорт залында, шашка жарысы ҚПТК спорт залында өтіп, ҚЖМК командасы үстел теннисі бойынша ойдағыдай нәтиже көрсете алмады, қыздар 9 орынға, ұлдар 10 орынға ие болды.
Үстел теннисі бойынша команда құрамында болды:
1. Жунусова Замира – 304 МІ
2. Вергейчик Наталья – 201 Ем
3. Васильев Александр – 101 Стом
4. Бренчуков Руслан– 101 Стом
Шашка бойынша медколледж командасы жақсы нәтиже көрсетіп, қызықты және артысты ойынның нәтижесінде ұлдар командасы 3 орынға ие болып, құрмет грамотасымен марапатталды. Жеке біріншілік бойынша 101 «Стоматология» тобының студенті - Гельметдинов Ильдар 3 орынға ие болды, медальмен және мақтау қағазымен марапатталды.
Сонымен қатар команданы жақсы дайындағаны үшін ҚЖМК дене шынықтыру оқытушысы Журперов Алимбай Салимжанович құрмет грамотасымен марапатталды.
Қыздар командасы мүмкіндіктерін көрсете алмады және 10 орынға табан тіреді.
Шашка бойынша команда құрамында болды:
1. Гельметдинов Ильдар – 101 Стом
2. Якупов Руслан – 203 МІ
3. Бисекеева Раушан – 101 Фарм
4. Назарбай Гүлдана – 101 МІ
Белсенді қатысқандары үшін барлығына алғыс білдіреміз.
Так держать!!!!!! Медколледж чемпион!!!!! Мы лучшие!!!!!!!