«Как живешь выпускник?» акциясы



«Как живешь выпускник?» акциясы

«Как живешь выпускник?» акциясының аясында бөлім меңгерушісі Бузина С.П. 22.10.2018 ж. Қостанай жедел көмек көрсету станциясына және 26.10.2018 ж. перинаталдық орталыққа барып қайтты.

Кәсіби қалыптасуы мен жұмыс орнында бейімделуін анықтау мақсатында түлектермен және жұмыс берушілермен әңгімелесу және сауалнама жүргізілді.

Жедел көмек көрсету станциясында фельдшерлік және дәрігерлер бригада құрамында 2018 жылдың 9 түлегі жұмыс істейді. Олар Альмагамбетов Батыржан, Байганин Нуржан, Боранкұл Марал, Жантасова Айнур, Жумаев Александр, Иментаева Алия, КопеевЖанибек, Костенко Евгений, Ситникова Ольга. Барлық түлектерде тәжірибелі фельдшерлер мен дәрігерлер қатарынан тәлімгерлері бар. Копеев Жанибек болашақ жұмыс орнында диплом алдындағы өндірістік практикадан өту өте маңызды екендігін атап кетті. Аға фельдшер Стасин Сергей Владимирович жас мамандарға мінездеме беріп, өздерінің міндеттерін толық орындап, еңбек тәртібін сақтайтындықтарын айтты.

Перинаталдық орталықта түлектермен кездесу өтті. Тулебаев Асхат мейіраға болып, Завгороднева Александра және Кузембаева Айгерим акушерлер ретінде, Землянова Юлия клиникалық лаборант қызметінде жұмыс істейді. Барлық түлектер жұмыс орнының, жұмыс кестесінің және еңбек жағдайларының жақсы екендігін айтты.

Землянова Юлия алғашқы кезеңде сенімсіздік пен қорқыныш болғандығын, содан кейін үйреніп кеткендігін айтты, себебі барлығына әріптестері мен тәлімгері көмектеседі. Лаборант жұмысы оған ұнайды.

Завгороднева Александра қабылдау бөлімінде акушер болып қызмет атқарады. Таңдаған мамандығын ақырындап меңгеруде.

Түлектер жайында Чадова Ирина Владимировна пікір білдірді. Түлектердің жұмыстарына есткертулер жоқ.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ