«Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясы



«Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясы

30 қазанда «Лабораториялық диагностика» мамандығының бірінші курс студенттері үшін бөлім презентациясы өтті.

Қонақ ретінде 2013 жылғы түлек Жарбулов Руслан шақырылды, ол қазіргі таңда Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығында жұмыс істейді. Жарбулов Р. өзінің студенттік өмірін еске алып, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар құттықтау сөзімен бөлім меңгерушісі Стокоз О.С. және 101 «Лабораториялық диагностика» тобының кураторы Шаповалов Б.В. сөз сөйледі.

Презентация шығармашылық номерлермен қанық болды - 3 курстың орындауында таңдаған мамандықтары жайында ән шырқалды, екінші курс студенттері студенттік өмір туралы «Цвет настроения белый» бейнебаянын көрсетті, ал бірінші курс студенттері алғашқы рет өздерінің таланттарын көрсетті.

Іс-шараның соңында бірінші курс студенттері ант қабылдады.

 



СКАЧАТЬ През. спец. - "Лабораторная диагностика" - 2018_10_30 (70 фото)









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ