«Педагогикалық ойлар паноромасы» видео-сабақ және видео-дәріс республикалық конкурсының облыстық кезеңіндегі жеңіс
Басты -> Жаңалықтар -> «Педагогикалық ойлар паноромасы» видео-сабақ және видео-дәріс республикалық конкурсының облыстық кезеңіндегі жеңіс
видео-дәріс республикалық конкурсының облыстық кезеңіндегі жеңіс
2018 жылдың маусым айынан қазан айы аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты «Педагогикалық ойлар паноромасы» видео-сабақ және видео-дәріс республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Қостанай жоғары медициналық колледжінің атынан арнайы пәндердің оқытушысы Воронцова И.Н. және жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушысы Алимгазинова А.М. қатысқан болатын.
2018 жылдың 1 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты базасында «Педагогикалық ойлар паноромасы» видео-сабақ және видео-дәріс республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша Воронцова И.Н. Қостанай облысының ТжКО ұйымдарының арасындағы «Арнайы пәндердің оқытушысы» номинациясында жеңіске жетті. «Педагогикалық ойлар паноромасы» Республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қараша-желтоқсан айында өтетін республикалық кезеңіне қатысатын болады.
Қостанай жоғары медициналық колледжінің педагогикалық ұжымы Ирина Николаевнаны жеңісімен құттықтап, жұмысына табыс тілейді!