Ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасы



Ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасы

2018 жылдың 5-7 қараша аралығында Қостанай жоғары медициналық колледжінің құрама командасы ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша Қостанай облысы колледждерінің VII Спартакиадасына қатысқан болатын.

Жарыс КИНэУ спорт залында өтті, ҚЖМК қыздар командасы ұлттық тоғызқұмалақ ойыны бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, 14 ұпай жинап, 1 орынға ие болды және құрмет грамотасымен марапатталды.

Жеке біріншілік бойынша - Мурзагалиева Айша 204 «Мейіргер ісі» тобының студенті 1 орынға ие болды. Екінші студент 203 «Мейіргер тобы» - Бектасова Айнур, тартысты ойын нәтижесінде 1 орын алды.

Бірінші орындары үшін құрмет грамотасымен және алтын медальмен марапатталды.

Жігіттер командасы жақсы нәтиже көрсетіп 12 команданың ішінен 9 орынға ие болды.

Медколледж құрама командасында болғандар:
1. Якупов Руслан – 203 МІ
2. Беккулинов Алишер – 101 Ем
3. Мурзагалиева Айша – 204 МІ
4. Бектасова Айнур – 203 МІ

Сонымен қатар команданы жақсы дайындағаны үшін ҚЖМК дене шынықтыру оқытушысы Журперов Алимбай Салимжанович құрмет грамотасымен марапатталды.

Қостанай облысы колледждері арасындағы облыстық спартакиадаға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.

Так держать!!!!!! Медколледж чемпион!!!!! Мы лучшие!!!!!!!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ