«Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің үздік білгірі және практигі»



«Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің үздік білгірі және практигі»

2018 жылдың 16 қарашасында арнайы пәндердің оқытушысы Бузина С.П. «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен 202 «Мейіргер ісі» тобында стандартты емес формада «Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің үздік білгірі және практигі» конкурс-сабағын өткізді. Конкурс-сабаққа әділ қазы ретінде шақырылды: Қостанай қалалық аурухананың аға мейірбикесі Бозян Н.В., мейіргер ісі негіздерінің оқытушылары Барабан А.А. және Петинова Т.М. Конкурста командалық және жеке тапсырмалар болды: команданың презентациясы, «Безопасные инъекции» презентациясы, блиц-турнир, аукцион. Блиц-турнирда ең көп балл жинаған студенттер практикалық манипуляцияларды көрсетуге қатысты, ал команда капитандары қолғаптарды тез кию мен шешуде жарысты.

Әділ қазылар конкурс-сабақтың нәтижесін қорытындылады. Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің үздік білгірі және практигі Кинтаева Асель атанды, ал ең көп балл жинаған команда – «Адреналин» болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ