2018 жылдың 9 қарашасында «Как живешь выпускник?» акциясының аясында Қостанай аудандық перинаталдық ауруханада жұмыс істейтін түлектермен кездесу өтті.



2018 жылдың 9 қарашасында «Как живешь выпускник?»
акциясының аясында Қостанай аудандық перинаталдық
ауруханада жұмыс істейтін түлектермен кездесу өтті.

Бұл Сарсембаева Айгерим - КДЗ лаборанты. Головина Виктория – хирург кабинетінің мейірбикесі, Выборных Надежда - №2 мектептің мейірбикесі,Карбозова Айнур – педиатриялық учаскенің учаскелік мейірбикесі, Карбозова Гульнур – емхананың емшаралық мейірбикесі. Түлектерге жетекшілері сипаттама берді: бас дәрігердің м.а. Джандаев Д.К., зертхана меңгерушісі Фомина Н.Н., бас мейірбике Коновалова Н.А., емхананың аға мейірбикесі Шадрина М.В.

Түлектер туралы пікірлер жақсы, жетекшілер колледждегі дайындықтың жақсы деңгейін, өзбетінше жұмыс істей білу дайындығы, еңбек тәртібін сақтайтындары жөнінде айтып кетті. Аманова Аксинья Александровка ДА-да акушер болып жұмыс істейді. ДА-ның аға дәрігері Аязбаева С.Т. жақсы маман екендігін айтып кетті. Түлек Тымченко Иван Нечаевка ауылында фельдшер болып жұмыс істейді және мектеп медициналық қызметкерінің жұмысын бірге алып жүр. Октябрьск ДА-ның аға дәрігері А.А.Еспанованың сипаттамасы бойынша ол өз міндетін жақсы атқарады.

Педагогикалық ұжым өз түлектерімен мақтанады және олардың кәсіби қызметтеріне сәттілік тілейді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ