"Осы заманның үздік көшбасшысы" ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара



"Осы заманның үздік көшбасшысы" ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара

2018 жылдың 21 қарашасында Н.Островский атындағы кітапханасында ҚЖМК 202 «Емдеу ісі» және 204 «Мейіргер ісі» топтары шақырылған «Осы заманның үздік көшбасшысы» ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өтті. Бұл мереке Қазақстанда 2012 жылы енгізілген болатын, тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен көркеюіне үлкен үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі аталып өтіледі.

Іс-шараның барысында болашақ Президенттің өмірінен алынған "Путь Лидера", "Небо моего детства", "Так сложились звезды" кинокартиналарынан үзінділер көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезеңінде Абылай хан және Әбілқайыр хан сияқты тарихқа енді. Сондықтан осы мерекенің енгізілуі - елбасшысына құрмет ретінде. "Толқын" студиясының қатысушылары ұлт көшбасшысы туралы өлеңдер оқыды. Іс-шарада "Казахстан - Костанай" телеканалының түсіру тобы болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ