Мейіргер ісі бойынша «Креативті студент – болашақ маман» Республикалық жобалар онлайн фестиваліне қатысу



Мейіргер ісі бойынша «Креативті студент – болашақ маман»
Республикалық жобалар онлайн фестиваліне қатысу

06.12.2018 ж. Батыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында «Креативті студент-болашақ маман» жобалар Республикалық онлайн фестивалі өткізілді. Фестивальге Қазақстан Республикасының «Мейіргер ісі» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Аталған фестиваль жастар арасында мейірбикенің рөлін арттыру, болашақ мейірбике мамандарында білікті маман болуға ынталандыру дамыту, жобаларды құрастыруда талантты жастардың бастамаларын қолдау мақсатында өткізілді.

Конкурсқа барлығы 37 өтініш келіп түскен, онлайн режимінде 14 үздік жоба анықталды, соның ішінде - 202 МІ студенттері Байтурсунов С., Вертянкина Я., Адаменко С. «Бездушным в медицину нет дороги» жобасы /жет. Ларькова А.О./

Фестивальдің сарапшылары: Абулхайрова З.С. – Батыс-Қазақстан ДС бас маманы, Абулхайрова А.К. – Батыс-Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы, Қуаншалиева Р.Т – Батыс-Қазақстан облысының білім беру басқармасының оқу-әдістемелік кабинет басшысы, Мулдагалиева З.Н. - салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ