«Жұқпалы емес аурулардың алдын алу» мобильді қосымшалар Республикалық конкурсындағы жеңіс



«Жұқпалы емес аурулардың алдын алу»
мобильді қосымшалар Республикалық конкурсындағы жеңіс

2018 жылдың желтоқсанында Петропавл қ. Солтүстік-Қазақстан жоғары медициналық колледжі базасында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестік аясында өткен «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу» тақырыбындағы мобильді қосымшалар Республикалық конкурсының қорытындысы өтті.

Қостанай жоғары медициналық колледжінің оқытушылары Амренова Ж.Т., Халбаева Г.Р. және 2 курс студенті Тургалиев Д. «StopCancer» мобильді қосымшасын әзірлеген болатын, аталған жұмысты сараптама комиссиясы жоғары бағалап 1 дәрежелі дипломмен марапаттады.

Колледждің педагогикалық ұжымы шын жүректен құттықтайды және болашақта шығармашылық табыс, оқуда жаңа белестерді бағындыруды тілейді!

Мобиллді қосымшамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://yadi.sk/d/YZP033E96r5_NQ








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ