«Практико-ориентированный подход как фактор повышения качества профессиональной подготовки студентов колледжа» облыстық педагогикалық оқуларға қатысу



«Практико-ориентированный подход как фактор повышения
качества профессиональной подготовки студентов колледжа»
облыстық педагогикалық оқуларға қатысу

2019 жылдың 11 қаңтарында Қостанай облысы әкімдігі білім беру басқармасының «Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында «Практико-ориентированный подход как фактор повышения качества профессиональной подготовки студентов колледжа» облыстық педагогикалық оқулар өтті. Педагогикалық оқулар жұмысына Қостанай облысының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қостанай жоғары медициналық колледжі облыстық деңгейдегі іс-шарадан шет қалған жоқ. Колледж әдіскері Жайсанбаева А.С., арнайы пәндердің оқытушысы Кудрявцева Н.Н. және жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушысы Мухамеджанова М.А. үш секцияның жұмысына қатысқан болатын:

1. Модульдік-құзыреттік әдіс студенттердің кәсіби дайындық мүмкіндіктерін кеңейту амалы ретінде;
2. Обеспечение практико-ориентированной направленности профессиональной подготовки студентов в системе колледж-студент-производство;
3. Әдістемелік жұмыс педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби өсу негізі ретінде.

Оқытушылардың жұмыстарын тәуелсіз сарапшылар бағалады - Қостанай облысы әкімдігі білім беру Басқармасының өкілдері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының мамандары, әлеуметтік серіктестер. Материалдарды бағалау барысында практикалық маңыздылығы, өзгешелік және әрбір жұмыстың өзектілігі сияқты шарттар ескерілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша жұмыс тәжірибелерден жиналған 80 жариялым көлемінде басылып шығатын материалдар жинағы жоспарланды.

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ