«Үздік циклдік әдістемелік комиссия» облыстық конкурсы



«Үздік циклдік әдістемелік комиссия» облыстық конкурсы

2019 жылдың 30 қаңтарында Қостанай педагогикалық колледжі базасында «Үздік циклдік әдістемелік комиссия» облыстық конкурсының екінші кезеңі өтті. Конкурс оқытушылардың біліктілігін арттырудың тиімді жолдарын іздестіруді және ЦӘК оқу-әдістемелік қызметін жүйелеуді, сонымен қатар ЦӘК жұмысындағы тиімді формалардың, әдістердің, технологиялардың «қорын» қалыптастыруды көздеді.

Бірінші кезеңде Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім берудің 16 колледжі қатысты, олар 2018-2019 оқу жылына арналған ЦӘК жұмыс жоспарын және циклдік әдістемелік комиссиясының жұмыс жүйесін ұсынған болатын. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы іштей кезеңге қатысуға сегіз колледжді таңдап алған, соның ішінде арнайы пәндердің №4 циклдік әдістемелік комиссиясы болды /төрайымы Шулейко С.В./ Екінші кезеңде біздің оқытушылар визитка, ЦӘК отырысын және ғылыми-әдістемелік өнімнің көрмесін көрсетті.

Конкурстың қорытындысы бойынша арнайы пәндердің №4 циклдік әдістемелік комиссиясы үшнші дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Қостанай жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі және оқытушылары облыстық конкурстың жүлдегерлерін құттықтайды және шығармашылық шыңдарға жетуге, білікті медициналық және фармацевтикалық бағыттағы мамандарды дайындауда сәттілік тілейді!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ