«Богатырская сила» әскери-спорттық жарыс



«Богатырская сила» әскери-спорттық жарыс

2019 жылдың 22 ақпанында Қостанай жоғары медициналық колледжінде медколледждің 90-жылдығына және Ауғаныстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 30 жылдығына арналған жыл сайын өтетін «Богатырская сила» әскери-спорттық жарысы өтті. Жарысқа колледждің ең мықты жігіттері қатысты.

Жарыс сапқа тұрудан және бас төреші А.С.Журперовтың баяндамасынан басталды (ҚР-ның қарулы күштерінің запастағы офицері). Жарыс басталмас бұрын әдістемелік бөлімнің меңгерушісі К.С.Гаджиева құттықтау сөзін сөйледі.

Жарыс бағдарламасында болды:
1. Магазинді оқтау
2. Противогазды кию
3. Орыннан секіру
4. Кермеде тартылу
5. Пресс дайындығы
6. Дартс

Жарыс өте жоғары деңгейде өтті, студенттер жақсы дайындықтарын көрсетіп, әрбір нормативті және жаттығуды ынтамен орындады.

Тартысты ойынның нәтижесінде – 1 орынға Васильев Александр ие болды, 101 «Стоматология» тобының студенті, 2 орынға Ястребов Петр ие болды, 101 «Стоматология» тобының студенті, 3 орынға Лукин Максим ие болды, 101 «Стоматология» тобының студенті.

Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған студенттер құрмет грамоталарымен және алғашқы студенттер кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтармен марапатталды.

Әдістемелік бөлімнің меңгерушісі К.С.Гаджиеваға, педагог-психолог А.В.Барановаға, сонымен қатар төрешілік етуге көмектескен - Касымов Ансар 301 Лаб, Тюлькина Анастасия 201 Фарм, Батарева Анна 201 Фарм, Айдаралиева Алина 202 Леч, Дюдюкина Валерия 202 Леч, Юсупова Татьяна 202 Леч, студенттеріне алғыс білдіреміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ