ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ — МЕЙІРГЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ



ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ — МЕЙІРГЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

2019 жылдың 27 ақпанынан 15 наурыз аралығында осындай тақырыпта Қостанай қ. МҰ-ның мейірбикелерімен әңгімелесу жүргізілді: Қостанай облыстық аурухана, Балалар облыстық ауруханасы, Қалалық балалар ауруханасы, «Стомед групп», № 1 Емхана, № 2 Емхана, № 3 Емхана, № 4 Емхана, «Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері», «Облыстық қан ортылығы», ««Дельфин» Қостанай балалар үйі.

Осындай форматтағы жұмысты өткізудің мақсаты жұмыс істейтін мейірбикелерді мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізу жөнінде ақпараттандыру болып табылады. Әңгіме барысында мейіргер ісін реформалаудағы қолданбалы бакалавриаттың маңызы туралы, аталған білім берудің басымдылықтары жөнінде сұрақтар қозғалды.

Практикалық оқытудың меңгерушісі Романюк И.Е. Қостанай жоғары медициналық колледжіндегі қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жайында әңгімелеп берді. Ағымдағы оқу жылында «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мейірбике болып жұмыс істейтіндердің қатарынан 49 студент білім алуда. Оқыту жылдамдатылған траектория бойынша жүргізіледі (1 жыл 6 ай).

«Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен мамандарды дайындау клиникалық базалармен тығыз байланыста жүргізіледі, себебі оқу уақытының 48,8 % клиникалық практиканың бөлігіне тиісті. Клиникалық базаларда оқыту үшін оқытылған менторлар/тәлімгерлер қажет. Ментор мен менторларды оқыту бағдарламасының рөлі туралы «Мейіргер ісі» мамандығының меңгерушісі А.А.Барабан айтып берді.

Мейірбикелер аталған мамандыққа оқуға түсу ережелері туралы, оқыту мен төлемақы шарттары, орта білімнен кейінгі білім алудың басымдылықтары мен перспективалары жайында сұрақтарын қойды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ