«Дені сау ұрпақ-елдің байлығы» педагогикалық және студенттік бастамалардың VI Халықаралық Форумы Курган базалық медициналық колледжі Курган қ.



«Дені сау ұрпақ-елдің байлығы» педагогикалық және студенттік бастамалардың
VI Халықаралық Форумы Курган базалық медициналық колледжі Курган қ.

2019 жылдың 5 сәуірінде Курган базалық медициналық коллджінің базасында «Дені сау ұрпақ-елдің байлығы» педагогикалық және студенттік бастамалардың VI Халықаралық Форумы өтті. Аталған конкурсқа біздің колледждің оқытушылары мен студенттері бес жыл қатарынан қатысып келеді, осы жылыда бұл дәстүрді бұзған жоқ. Бұл жолы медициналық колледждің атынан «Первые шаги в профессию» кәсіби шеберлік конкурсына /Байсарина А.У., Ахметова С. 303 «Емдеу ісі» тобы/, «Менің педагогикалық бастамам» педагогикалық зертханасына /Халбаева Г.Р./, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсына /Тургалиев Д., 201 «Лабораториялық диагностика» тобы/ қатысты.

Халықаралық Форумбілім беру ұйымдарында салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру сұрақтарын талқылау, білім беру кеңестігінде білім беру технологияларын пайдалану тәжірибесімен алмасу мақсатында өткізілді.

Форумға 300-ден астам Урал Федералдық округі (Курган қ., Тюмень қ., Челябі қ.), Ханты-Мансий автономдық округінің және Қазақстан Республикасының (Қостанай қ., Петропавл қ.) орта кәсіптік білім берудің өкілдері қатысты.

Форумның қорытындысы бойынша «Лабораториялық диагностика» мамандығының 2 курс студенті Тургалиев Даулет №1 «Медицинский работник – выбор на всю жизнь» секциясында «Практикоориентированность» номинациясында марапатталып, «Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті Ахметова Салтанат «Первые шаги в профессию» кәсіби конкурсында 3 орынға ие болды. Байсарина А.У. кәсіби конкурсқа сапаршы ретіндегі жұмысы үшін алғыс хатпен, Халбаева Г.Р. – педагогикалық зертхана аясында өткізген мастер-класы үшін сертификатпен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ