ОНКҮНДІК АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ



ОНКҮНДІК АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ

Жалпы кәсіптік пәндердің №6 ЦӘК онкүндігінің аясында арнайы пәндердің оқытушысы Айгерим Нураллаевна Оразгожина 101 «Мейіргер ісі» тобында «Қан жүйесінің физиологиясы» тақырыбында «Физиология» пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың басында оқытушы білім алушыларды нәтижелі қызметке ынталандырды. Мақсатты тұжырымдау кезеңінде оқытушы студенттердің қызметін жандандырып, өзіндік ойлауға бағыттады.

Сабақта «Кілт – құлып» атты әдісін, «Агглютиноген –агглютинин» оқу ойынын қолдану арқасында студенттердің өздігінен жұмыс жасау кезеңі қызықты өтті, топпен жұмыс жасау барысында білім алушылар жаңа материалдың маңызды аспектілерін қорытындылады. Аталған кезеңде Айгерим Нураллаевна білім алушылардың ақпаратты меңгеру, алған білімдерін талдау іскерліктерін жетілдірді.

Тест тапсырмаларын орындау барысында білім алушылар өздерінің білімдері мен іскерліктерін пайдалана отырып, өзбеттерінше тапсырмаларды орындауға кірісті. Тестпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру бойынша оқытушының жүйелі жұмысы байқалады. Аталған әдіс жаңа ақпаратты бұрынғы білімдерімен байланыстыруға, тапсырмаларды мұқият оқып, ақпаратты меңгеру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қорытындылау кезеңінде білім алушылар сабақтың мақсатын еске түсіріп, сабақта нені үйренгендерін ортаға салып, бағалау парақтарында өз-өздеріне баға берді. Оқытушы өзінің сабақтарында интерактивті технологияларды, ақпараттық-коммуникативтік және акмеологиялық технологияларды тиімді пайдаланады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ