Қостанай жоғары медициналық колледжі Меңдіқара ауданына барып қайтты
Басты -> Жаңалықтар -> Қостанай жоғары медициналық колледжі Меңдіқара ауданына барып қайтты
05.04.2019 ж. мектеп түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу мақсатында колледж еріктілері Меңдіқара ауданы Боровской ауылындағы Г.Жумабаев атындағы гимназияға және А.Чутаев атындағы гимназияға барып, Ұзынкөл ауданындағы «Мамандық жәрмеңкесі-2019» форумына қатысты.
Студенттер қатысушыларға оқу орнының мамандықтары, бағыты туралы әңгімелеп, қабылдау ережелері, оқу мерзімі, студенттік өмір жайындағы презентация көрсетті. Сонымен қатар колледжді бітіргеннен кейін перспективалар жөнінде баяндап, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класс көрсетті.
Форумда көрнекі материалдар ұсынылды - белгілі медициналық манипуляцияларды орындауға арналған муляждар.
Іс-шараның соңында оқушыларға талапкерге арналған ақпарат жазылған буклеттер таратылды.