«Денсаулық-зор байлық!»
Басты -> Жаңалықтар -> «Денсаулық-зор байлық!»
9 сәуірде жалпы кәсіптік пәндердің онкүндігі аясында мәжіліс залында «Денсаулық-зор байлық!» қызықты іс-шарасы өтті. Арнайы пәндердің оқытушысы С.Р.Оспан дайындаған іс-шарада студенттер «Денсаулықты нығайту» пәні бойынша өз білімдерін көрсетті. Ойын 4 кезеңнен болды, 201 «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері «Сұңқар» және «Шымыр» командалырына бөлініп қатысты.
Ойынның тақырыбы әр уақытта өзекті, әсіресе болашақ медициналық қызметкерлер үшін. Себебі олар болашақта тұрғындар арасында СӨС насихаттайтын болады.
Адамның денсаулығы – өмірдегі маңызды құндылық. Өзіңнің денсаулығыңды сақтап, нығайту үшін ағзаңды басқаруды үйрену қажет. Ал ағзаны басқару үшін оның құрылысын, қалай жұмыс істейтінін, қандай заттар пайдалы, қандай заттар зиян екендігін білу керек.
Ойынның әрбір кезеңінде студенттер денсаулыққа дұрыс күтім көрсету жайында өз білімдерін көрсетті. Денсаулық - әрбір адам үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін бағалы құндылық.
Ал біз сіздермен Қазақстанның болашағы үшін жауаптымыз!