«Тіс технигі» мамандығының алғашқы түлегі Кокорина Людмила Александровнаның студенттермен кездесуі
Басты -> Жаңалықтар -> «Тіс технигі» мамандығының алғашқы түлегі Кокорина Людмила Александровнаның студенттермен кездесуі
Кокорина Людмила Александровнаның студенттермен кездесуі
24 сәуірде «Стоматология» және «Лабораториялық диагностика» мамандықтарының бірінші курс студенттері «Тіс технигі» мамандығының алғашқы түлегі Кокорина Людмила Александровнамен кездесу өтті.
Кездесу Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығына арналды. «Тіс технигі» мамандығы 1968 жылы ашылған. Қонақ 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басындағы оқытушылар, студенттердің оқуы мен оқудан тыс өмірлері жайында әңгімелеп берді. Людмила Александровна студенттерді өздерінің мамандықтарын құрметтеуге және адамдарға көмектесуге, күлкі сыйлауға шақырды. Ал ол үшін өздерінің мамандықтарын толық меңгеріп, сұранысқа ие болу қажет.
«Біздің топтың түлектері тек Қостанай мен Қостанай облысында ғана емес, сонымен қатар Украина мен Ресейде де жұмыс істеді, себебі біздің училище жақсы мамандарды әзірледі» деп Людмила Александровна өзінің әңгімесін қорытындылады.
Біздің студенттер алдыңғы қатардағы ұрпақтардың еңбек дәстүрін сақтайды деп үміттенеміз.