«Денсаулық. Ғылым. Технология» халықаралық ғылыми конференция Қарағанды мемлекеттік медициналық университет


«Денсаулық. Ғылым. Технология» халықаралық ғылыми конференция
Қарағанды мемлекеттік медициналық университет

2019 жылдың 25 сәуірінен 27 сәуіріне дейін Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде «Денсаулық. Ғылым. Технология» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Халықаралық ғылыми конференцияға Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Тәджікістанның, Өзбекстанның, Дағыстанның, Иранның және т.б. медициналық ЖОО-ның студенттері мен магистранттары қатысты. Конференция масштабы кең ауқымда болды, белсенді қатысушылардың саны 300-ден астам адамды құрады, барлығы 800 студент, магистрант және оқытушылар қатысты. Конференцияның жұмысы тиімді ұйымдастырылып, барлық қатысушылардың медицинаның өзекті проблемаларымен танысуға және осы проблемаларды шешу жолдары мен идеялармен алмасуға мүмкіндіктері болды.

Mohammad Alhadj Ali (Cardiff University), Mukhit Kulmaganbetov (Cardiff University), Pr. Gonzalo Hortelano (Nazarbayev University), Dr. Martin Coath (University of Plymouth), Bonapace Ian Marc (Univrsity of Insubria) сияқты шетелдік ғалымдармен кездесулер ұйымдастырылған.

Бірінші күні «Медициналық білімдегі ғылымға бағытталған оқыту» курсы өтті. Курс барысында келісі сұрақтар қарастырылды: RBL өзектілігі; оқытушы мен студенттің рөлі; RBL міндеттері; RBL ұйымдастыру; нәтижелері.

Манукян А.Р. Mohhamad Alhadj Ali (Cardiff University) на тему «Effect of Topical Steroid and Vitamin D Therapy in Optimizing the Tolerogenic potencial of a Vaccine for Type 1 Diabetes», сонымен қатар Pr. Gonzalo Hortelano (Nazarbaev University) на тему «New strategies for the delivery of genes and cells for therapeutic purposes» дәрістеріне қатысты.

Ғылыми зерттеу жұмыстар келесі бағыттар бойынша ұсынылды: Personalized medicine (Персонализированная медицина), Health management (Управление здоровьем), Basic medical sciences (Фундаментальные медицинские науки), Reproductive health (Репродуктивное здоровье), Medical education (Медицинское образование).

Қостанай жоғары медициналық колледжінің 201 «Лабораториялық диагностика» тобының студенті Тургалиев Д.Р. «Health management» секциясына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мобильді қосымшаны құрастыру ғылыми жобасымен қатысып (жет. Халбаева Г.Р.), екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылдың 27 сәуірінде «Шұғыл жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек (ЖӨР)» тақырыбында мастер-класс өтті. Жатықтырушы: Сарсенбаев Касым Куандыкович. Сабақ дәріс түрінде және практикалық дағдыларды өңдеу түрінде өтті. Қарастырылды: базалық ЖӨР, кеңейтілген ЖӨР, блалардағы ЖӨР ерекшеліктері. Мастер-кластың соңында сертификаттар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ