«Академиялық мобильділік»- шетелде диплом алдындағы практикадан өту



«Академиялық мобильділік»- шетелде диплом алдындағы практикадан өту

«Академиялық мобильділік» халықаралық бағдарламасының аясында 22 сәуірден 26 сәуірге дейін «Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 3 курсының 6 студенті арнайы пәндердің оқытушысы А.У.Байсаринаның жетекшілігімен Челябі қаласының облыстық перинаталдық орталығында практикадан өткен болатын.

Перинаталдық орталықтың босану бөлімшесіндегі 5 күндік практика кезінде студенттер заманауи жабдықтармен танысты: жатырдың жиырылуын, ұрықтың жүрек қызметін тіркейтін фетальды мониторлармен, сонымен қатар партограммалармен. Практикадан өту барысында студенттер кесір тілігі операциясына қатысып, алдын ала құндақталған жаңа туған нәрестені акушерлік-физиологиялық бөлімшеге тасылмауға қатысты. Жүктіліктің өту барысын, акушерлік көмек көрсетуді, босанудың 3 кезеңін жүргізуді бақылады. Босанушыларға тексеру, кардиотокография жасады, акушерлік стетоскоптың көмегімен ұрықтың жүрек қағысын тыңдап, Леопольд-Левицкийдің 4 әдісі бойынша іштің пальпациясын жүргізіп, жатыр түбінің биіктігін, позициясын, ұрықтың позиция түрін, қалпын анықтады.

Бір апталық практика тез, ең бастысы - табысты өтті. Челябі қаласының облыстық перинаталдық орталығында практикадан өту арқасында бітіруші топтардың студенттері өздерінің практикалық дағдыларын бекітіп, Ресей Федерациясында пайдаланылатын заманауи технологиялардың талаптарын ескере отырып жаңа дағдыларды игерді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ