"Күндердің ізі кешегі" Ғайнижамал Бердалинованың кітабының таныстырылымы


"Күндердің ізі кешегі" Ғайнижамал Бердалинованың кітабының таныстырылымы

2019 жылдың 26 сәуірінде «Емдеу ісі» мамандығының 102 тобының студенттері Л.Н.Толстой атындағы кітапханаға Ғайнижамал Бердалинованың "Күндердің ізі кешегі" кітабының таныстырылу рәсіміне шақырылды. Ақын өзінің өмірі жайла шамалы әңгімелеп берді. Ол Жітіқараға Оренбургтан келген. Отанынан жырақта болғандықтан, өзінің ана тілін ұмытпау үшін қазақша газеттерге, журналдарға жазылып отырған. Кейін Қостанай қаласына келіп "Қостанай таңы" газетінің редакциясына жұмысқа орналасып, сол жерден зейнетке шыққан. Редакцияда жұмыс істеген уақытында жас ақындар ұрпағын өсірді, соның ішінде: Ерлан Калмаков және басқалары. Өзінің жинағынан өлең оқып берді. "Елім деп соққан жүрегі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ғайнижамал апайға "жастар шығармашылығына жол ашу - ізгілек" презентациясы арналды.

Кітаптың таныстырылымына шақырылғандар: ҚР-ның еңбек сіңірген дәрігері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қостанай қ. құрметті азаматы Купей Абдрахмановна Мальчубаева, оған сөз берілді, ол ақын туралы жылы сөздер айтты. Сонымен қатар іскер әйелдер Ассоциациясының атынан Иртаева Балбупе Галимжановна сөз сөйледі. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Студенттерге барлығы қызықты болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ