Жеңіс саябағындағы ескерткіштің салтанатты ашылуы


Жеңіс саябағындағы ескерткіштің салтанатты ашылуы

Қостанай жоғары медициналық колледжі Ұлы Отан соғысының мейірбикесіне арналған ескерткіштің авторы Бек Зейнелович Жусуповты қолдады.

8 мамырда колледж студенттері және «Поиск» үйірмесінің жетекшісі А.Т.Азтаева Жеңіс саябағындағы ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты.

14 мамырда ескерткіш маңында мейірбике Күніне арналған салтанатты митинг өтіп, онда Б.З.Жусупов шақырылған болатын.

Колледж директоры Катпенова Сауле Атантаевна барлық қатысушылардың атынан: студенттердің, педагогтардың және практикалық денсаулық сақтау өкілдерінің атынан Бек Зейнеловичке алғыс айтып, жеке оған және Макановтар отбасына алғыс хаттар табыстады. Колледждің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы мейірбикенің ерлігін мәңгі есте қалдыру бастамасы айтулы оқиға болып табылады.

Соғыс жылдарында Кустанай фельдшерлік-акушерлік мектеп майдан мейірбикелерінің курсын ұйымдастырған болатын. Екі жарым ай ішінде 66 мейірбике дайындалды.

1942 жылдың наурызында осы курстың түлектері майданға жіберілді. Көбісі 1942 жылы жараланғандарды құтқарып, сол жерде қаза тапты.

Тарихтың бұндай кезеңдерін кез-келген қостанайлық біле бермейді. Енді Жусуповтар мен Макановтар отбасыларының арқасында кустанайлық мейірбикелердің Жеңіске қосқан үлесі жайында біліп жүретін болады.

Сауле Атантаевна қатысушыларға Қостанай жоғары медициналық колледжі ескерткішке қызмет көрсету жауапкершілігін өз мойнына алатынына сөз берді.

Ұлы Жеңіске – 74 жыл! Қанша жыл өтсе де ата-бабаларымыздың ұрпағына лайықты болуымыз керек. Біздің түлектердің ерлігін есте сақтау біздің парызымыз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ