«Жас кәсіпқойлар» (WorldSkills Russia) Казань қ. VII Ұлттық чемпионаты



«Жас кәсіпқойлар» (WorldSkills Russia) Казань қ.
VII Ұлттық чемпионаты

20-24 мамыр аралығында Казань қ. «Жас кәсіпқойлар» (WorldSkills Russia) VII Ұлттық чемпионатының финалы өткен болатын. «Жас кәсіпқойлар» (WorldSkills Russia) VII Ұлттық чемпионатын ашу рәсімі «Татнефть Арена». ЛДС өтті.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары «Агенство развития профессиональных сообществ и рабочих кадров «Молодые профессионалы (WorldSkills Russia)» Одағы, Татарстан Республикасының Үкіметі, «Дирекция спортивных и социальных проектов» АНО және «Центр развития профессиональных компетенций» АНО болып табылады.

Чемпионат 92 құзырет бойынша өтті (соның ішінде әлемдік чемпионаттың 56 құзыреті бойынша) және 48 құзыреті «WorldSkills Юниоры» бойынша өтті.

Чемпионатқа Ресей Федерациясының 85 субъектісінен 1519 конкурсқа қатысушы қатысты, әлемнің 23 елінен 164 конкурсқа қатысушы, 1569 сарапшы қатысты соның ішінде Қазақстан Республиксынынан.

Осымен қатар чемпионат шеңберінде 50 жастан аса адамдар үшін «Навыки мудрых» II Ұлттық чемпионатының финалы өтті.

Чемпионаттың конкурсқа қатысушылары өз кәсіптік дайындықтың деңгейін және біліктілігін көрсете білді, осымен қатар жекеше немесе командада оларға ұсынылған құзыреті бойынша тапсырмаларды орындау шеберліктерін көрсете білді. Барлық құзыреттер алты блокқа біріктірілген.

Медициналық колледждер үшін Алғашқы рет Қазақстан тарихында Қостанай жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенті Андамасова Назира шетелде Ұлттық чемпионатта «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Қызметтер саласы» блогына қатысқан болатын. Ұлттық Чемпионаттың ережелері бойынша шетелден келген конкурсқа қатысушылар конкурсқа конкурстан тыс қатысады. Арнайы пәндер оқытушысы, «Қолданбалы бакалавр» біліктігімен «Мейіргер ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі Барабан Анастасия чемпионатқа сарапшы ретінде қатысқан болатын.

«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Мәскеуден Хабаровскқа дейін РФ әр түрлі аймақтарынан 13 қатысушы осымен бірге конкурстан тыс қатысқан Швейцариядан келген конкурсқа қатысушы қатысқан болатын.

Осы құзырет бойынша конкурсқа қатысушылар 9 модуль бойынша жарысқан болатын, олар жұмысты ұйымдастыру және басқаруында (Нормативтік құжаттар), коммуникацияларда және науқаспен тұлғааралық қарым-қатынастар жасағанда өз білімдерін және шеберліктерін көрсетуге тиісті еді. Науқастың проблемасына орай артықшылықтарды қоя білу және қайта қарау жолдарын көрсетуге тиісті еді.

Айтып кетсек, жарыстар қатаң бәсеке түрінде өтті, өйткені бұл әр бір қатысушы үшін әлемдік чемпионатқа бару мүмкіндігі ретінде қарастырылған болатын, әлемдік чемпионат Казань қаласында 2019 жылдың 22-27 тамыз аралығында өтетін болады.

Андамасова Назира конкурстан тыс қатысқанына қарамастан, осы құзырет бойынша жақсы білімдерін көрсете білді және осындай жарыстарға қатысудың мол тәжірибесін жинақтаған.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ