«Мистер колледж – 2019» және «Минута славы – 2019» конкурсының финалы



«Мистер колледж – 2019» және «Минута славы – 2019» конкурсының финалы

финалы 13 мамырда Қостанай жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында 1 курстың ең мықты жігіттері «Мистер колледж – 2019» мәртебесіне ие болуға жарысты және дәл осы сахнада жыл сайын өтетін «Минута Славы – 2019» конкурсының финалы өтті. 

Залдағы көрермендер конкурстың барлық кезеңдерін қызығушылықпен тамашалады, себебі үздікті таңдау кезінде әділ қазылар көрермендердің де дауыстарын ескеретін болды. 

Конкурстық тапсырмалардың шарттары бойынша қатысушылар дайындап, көрсетулері қажет: актерлік шеберліктерін, шығармашылықтарын, тапқырлықтарын. Әділ қазылар мен көрермендердің шешімі бойынша «Мистер колледж-2019» мәртебесіне 102 «Емдеу ісі» тобының студенті Байтурсунов Владислав лайықты деп шешті. 

Музыкалық конкурстың 6 финалисті көрермендер мен әділ қазылардың назарына өздерінің әндерін ұсынды, әрбір қатысушы бойжеткен сахнада өздерін лайықты ұстап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Бір ауыздан 103 «Емдеу ісі» тобының студенті - Хан Юлия жеңімпаз атанды.  

Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ