"Последний бой" әскери-патриоттық әндердің сахналанған фестивалі



"Последний бой" әскери-патриоттық
әндердің сахналанған фестивалі

24 мамырда қалалық орталық саябағында Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері "Последний бой" әскери-патриоттық әндердің сахналанған фестиваліне қатысуға жиналды.

Әскери-патриоттық әндердің фестивалі Ұлы Отан Соғысының майданында өз өмірлерін қиған жауынгерлерге, қазіргі таңда біздің арамызда өмір сүріп жатқан және өмірден озған барлық ардагерлерге арналды.

Іс-шараға үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Фестивальдің ережесі әзірленіп, барлық қажетті ақпараттар жинақталды. Студенттер тақырыпқа сай әндерді таңдап, тарихымен танысып, қажетті реквизиттер дайындап, костюмдер тікті.

Іс-шараның жүргізушілері 101 «Стоматология» тобының студенттері Кисиков Нурсеит және Белобровская Елизавета әрбір қатысушы топты, фестивальдің номерлерін салтанатты түрде жариялап отырды.

15 топ, 15 қызықты, әсерлі әндер сахнада бірінен соң бірі шырқалды. Оның ішінде есімізде мәңгі сақталып қалған ескі әндер «В землянке», «Темная ночь», «Синий платочек», «Баллада о матери», сонымен қатар «И все о той весне», «Верните память» сияқты соғыс туралы жаңа әндер де болды.

Іс-шараның қызықты болғаны соншалықты, тіпті саябақтың келушілері де тамашалауға жиналып, көздеріне жас алды. Барлық қатысушылар шапалақтарға бөленді.

 


 

СКАЧАТЬ Фестиваль Военной песни - 2019. 2019_05_24 (186 фото)
СКАЧАТЬ Фестиваль Военной песни - 2019. 2019_05_24 (99 фото)  











«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ