«Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» семинары
Басты -> Жаңалықтар -> «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» семинары
13 маусымда Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды өткізу барысында жіті инфекцияларының пайда болу себептері мен алдын алу сұрақтары, өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілік қарау жайында әңгіме қозғалды.
Жіті ішек инфекциялары қазіргі заманда және қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті проблемасы болып табылады. Зақым орасан зор, соның ішіне медициналық, әлеуметтік және экономикалық салдар кіреді.
Семинар барысында студенттер сұрақтарды белсенді қойып, рефлексия кезінде үздік нәтижелер көрсетіп, талқылау жүргізді.