«Жас отбасы мектебі»
Басты -> Жаңалықтар -> «Жас отбасы мектебі»
2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ұлттық отбасы күніне орайластырған «Дені сау отбасы-ұлттың саулығы» Ұлттық бағдарламасының аясында «Психология және коммуникативтік дағдылар негіздері» пәнінің оқытушысы Т.В.Ащеулова және педагог-психолог А.В.Федюк «Фармация», «Стоматология» мамандықтарының бірінші курс студенттеріне арналған «Жас отбасы мектебі» сабағын өткізді. Мақсаты: қатысушыларда заманауи отбасында отбасы туралы құндылықтарды қалыптастыру. Сабақ тренинг және пікірталас формасында өтті. Студенттер сабаққа белсенді қатысты. Сабақ барысында көптеген қажетті және қызықты ақпараттарға ие болды.