Әулиекөл ауылының мектебінің 8,9,10,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жөніндегі кездесу
Басты -> Жаңалықтар -> Әулиекөл ауылының мектебінің 8,9,10,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жөніндегі кездесу
2019 жылдың 20 қыркүйегінде ҚЖМК студенттері кәсіптік бағдар жұмысымен Әулиекөл ауданына барған болатын. Мәдениет үйінде Әулиекөл ауылы мектебінің 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кәсіптік бағдар жұмысының бағдарламасында колледждер мен ЖОО-дарының мастер-класстары болды, біздің колледждің студенттері (Айтпаева М., Дощанова А. 303 МІ) мектеп оқушыларын қатыстырып манипуляциялар көрсетті. Мәдениет үйінің сахнасында агитбригада өзінің бағдарламасымен сөз сөйлеп (201МІ студенттері), біздің колледждің мамандықтары, қызметі мен студенттердің өмірі жайында баяндап берді.
Кездесу жоғары деңгейде өтті, қызықты бағдарлама және концерт болды.