Базалық кәсіпорынға экскурсия



Базалық кәсіпорынға экскурсия

Таңдаған мамандығына қызығушылықтарын арттыру мақсатында 2019 жылдың 8-9 қазанында «Фармация» мамандығының 101 және 102 топтары Қостанай қ. қалалық ауруханасы жанындағы №3 «Витайм» ЖШС базалық дәріханасына барып қайтты.

Студенттер фармацевтикалық бөлшектеп сату қызметімен, дәріханалық қызметті ұйымдастыру құрылымымен және фармацевттің жұмысымен танысты. Экскурсия барысында бірінші курс студенттері дәріхана қызметкерлерімен белсенді әңгімелесіп, болашақ мамандықтарына қатысты сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға дәріхана меңгерушісі Лузанова Валентина Ивановна жауап беріп, кездесудің соңында студенттерге оқуда сәттілік тілеп, өндірістік практикадан өтуге шақырды.

«Фармация» мамандығының бірінші курс студенттері колледж әкімшілігіне және әлеуметтік серіктестерге болашақ мамандықтарымен танысуға ұсынған мүмкіндіктері үшін алғыс білдірді.

Тихонова Т.А.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ